Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет көктемде су алу қаупі бар өңірлерде қауіптің алдын алуды бастап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 607 елді мекенде қауіп азайғанын айтты.
455 мыңнан астам халық тұратын 100 мыңнан астам тұрғын үй орналасқан, 607 елді мекенде қауіпті азайтуға және 214 елді мекенде қауіпті жою жұмыстары іске асырылды. Қазіргі уақытта өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірлерде 25 шақырым уақытша бөгендер мен 57 шақырым қорғаныш білігі тұрғызылды, шамамен 5 мың шақырым каналдар мен 6 мың шақырым арықтар, 15 мың автомобиль және 3 мыңнан астам шақырым теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды, - деді Сырым Шәріпханов.
Оқи отырыңыз:
Су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне 24 өңір қосылып, 1 072 өңірді құрағанын айтты.
Биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында 44 тұрғын үй су астында қалды. Бұл ретте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 46 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі 24 үй тұғызса, Батыс Қазақстан облысында 16 үй салынды. Жалпы 1,3 млрд теңге жұмсалды, - деді төтенше жағдайлар министрі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?