23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көкшетауда үш студент колледжде оқитын жасөспірімнен ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, олар 2006 жылы туған бозбаланы қорқытып, оның атына 175 мың теңгеге микрозайм ресімдеуге мәжбүрлеген, кейін алынған ақшаны өздеріне беруді талап еткен.
Күдіктілердің жасы 19 бен 20 аралығында, барлығы да – студенттер. Жергілікті полиция департаменті олардың жәбірленушімен әртүрлі оқу орындарында оқитынын нақтылады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және күдіктілердің басқа да құрбандары болған-болмағанын тексеруде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік