12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКөкшетаулық полицейлер бүтін бір отбасын өрттен құтқарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Көкшетау көшелерін патрульдеу кезінде олар жеке үйден шыққан қара түтінді байқады. Тәртіп сақшылары үй тұрғындарын оятып, көшеге шығарды, үйді қуатсыздандырып, өрт ошағын сөндірді, өртке қарсы қызмет пен жедел жәрдем шақырды.
Бұл түн біз үшін қайғылы аяқталуы мүмкін еді: менің үйімде су жылытатын электр кабелі тұтанып, жеке үйіміздің қаптамасы жанды. Бірақ полиция қызметкерлерінің өз жұмысына жауапты, қырағылықпен және адалдықпен қарауының арқасында олар тұтану мен түтінді байқап, бізді оятып, маған және балаларға шығуға көмектесті, ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді тұрғын.
Жаңа жылдық мерекелердің жақындауына байланысты Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және пиротехниканы қауіпсіз іске қосу тәсілін сақтауды ескерткім келеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер