Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөкшетауда үйлену тойы күні қаза тапқан азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сот мәліметінше, Б. есімді азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленуші тарапқа моральдық зиян ретінде 10 млн теңге өтемақы өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
2024 жылдың қараша айында С. есімді азамат Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде достарымен бірге некесін қиюды атап өткен. Сол кеште Б. есімді сотталушы да достарымен сол мекемеде болған.
Екі компания арасында ауызша жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан. Сол сәтте Б. С.-ке пышақпен үш рет соққы жасаған, оның бірі жүрекке тиген. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған, – делінген ресми хабарламада.
Сотта Б.-ның кінәсі куәгерлердің сөзімен, бейнебақылау камераларынан алынған жазбалармен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.
Бұған дейін жанармай құю бекетінде болған өртке қатысты сот үкімі шыққанын жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады