6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары егде жастағы әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көкшетау қаласында 1954 жылы туған әйелдің ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Алаңдаған туыстары мен көршілерінің қоңырауынан кейін оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар келді.
Құтқару тобы арнайы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашып, еденде ес-түссіз жатқан әйелді анықтаған. Дереу шақыртылған жедел жәрдем қызметі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, әйел адамды бірден ауруханаға жеткізді.
Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі егде жастағы азаматтарды қараусыз қалдырмауға, олардың жағдайына тұрақты түрде көңіл бөлуге шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі