Көкшетауда такси жүргізушісі жолаушыларды мас күйде тасымалдаған

24 Қаңтар, 20:05 722

Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған. Оны дер кезінде полицейлер ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

24 қаңтарда полиция патрулінің назары Chevrolet Cobalt автокөлігіне түскен. Оның жүргізушісі такси қосымшасының сәйкестендіру жапсырмаларына қарамастан жолда “дрифт” жасап, қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Құжаттарды тексеру үшін полиция қызметкерлері автокөлікті Уәлиханов көшесінде тоқтатты.

Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ер адамның мас күйде көлік жүргізгені анықталды. Оны кейіннен медициналық сараптама растады. Заң бұзушылық анықталған кезде көлік салонында екі жолаушы болды. Олар  жүргізушінің мас күйде екенін байқамаған. Ер адамның өзі 2 бөтелке сыра ішкенін мойындап, такси жүргізушісі ретінде жұмысын жалғастырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: 

Тәртіп бұзушыға қатысты полиция мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Айта кетейік, өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен Ақмола өңірінде 38 жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қаза таупты. 50-ден астам адам түрлі жарақат алған. 


  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: