6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөкшетауда құтқарушылардың балаларына арналған "BATYR TEAM kids” деп аталатын жекпе-жек секциясы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы ТЖД бастамасымен 2-МСӨБ базасында жекпе-жек клубы жұмыс істейтін болады. Ашылу салтанаты барысында секция өңірдегі спорттың дамуына жаңа серпін беретіні атап өтілді. Жаттығу тегін жүргізіледі. Мұнда қоян-қолтық ұрысы техникасы, өзін-өзі қорғау дағдылары үйретіледі, сонымен қатар сабақ бағдарламасында бокс, кикбоксинг және күрес бар.
Спорттық клубтың ашылуына облыс басшылығы, Ақмола облысының "Жекпе-жек өнері" қауымдастығы және Ақмола облысының "Қоян-қолтық ұрысы федерациясы” қолдау көрсеткен.
Еске салсақ, осыдан бір ай бұрын ТЖ министрі Шыңғыс Ариновтың бастамасымен облыста “BATYR TEAM” клубының филиалы құрылған болатын. Бүгінде онда департамент қызметкерлері қоян-қолтық ұрысы бойынша жаттығып жүр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі