23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды, осылайша «Н» іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражаты қаржы пирамидасына тартылды, олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.
Сот үкімімен «Н» азаматшасы кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады!
«Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік