6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысы Біржан Сал ауданының Үлгі ауылында болған өрт кезінде балаларды құтқару барысында ерлік көрсеткен азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бақытжан Алашов ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің атынан Ерлан мен Мирас Тоқсанбаевтарға, сондай-ақ Злата Черкасскаяға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.
Әке мен бала Тоқсанбаевтар өрт кезінде үш баланы аман алып шығып, екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Ал Злата Черкасская өрт басталған сәтте ең бірінші болып інісін құтқарған.
ТЖД бастығы Бақытжан Алашов марапаттау кезінде бұл азаматтардың ерлігі мен әрекеттері нағыз қаһармандық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі