7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақмола облысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдардағы су тасқыны жағдайларына жасалған талдау негізінде дайындық жоспары мен оның орындалу барысы қаралып, су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әсіресе, гидротехникалық нысандар мен инфрақұрылымның маңызды объектілерінің жұмысына ерекше назар аударылды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Есіл, Жабай, Қалқұтан және Шағалалы өзендерінің арналарын түзеу және тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұланды, Аршалы, Жақсы және Шортанды аудандарында бес бөгет пен су қоймасын күрделі жөндеу және салу жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында Жабай өзенін тазарту және Шортанды ауданындағы Дамса бөгетін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мұндай шаралар алдағы уақытта облыстың басқа да аудандарында іске асырылмақ.
2026 жылғы су тасқыны кезеңіне өңірді дайындаудың кешенді жоспарына сәйкес, елді мекендерді қорғауға және автомобиль жолдарындағы су тасып кетуін болдырмауға бағытталған 230 іс-шара қарастырылған.
Біздің басты міндетіміз бірде-бір ауданның зардап шекпеуін қамтамасыз ету. Барлық елді мекендер мен транзиттік бағыттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте, далалық аумақтардан, өзен бассейндерінен және олардың салаларынан келетін еріген қар суларын дұрыс болжау маңызды. Қажетті барлық шаралар толық әрі сапалы орындалуы тиіс, - деді Марат Ахметжанов.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?