Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкшетауда есірткі таратумен айналысқан топ құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 29 қазанда полицейлер кезекті психотроптық заттарды таратушыны ұстады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 10 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі. Алынған зат психотроптық затқа жатады, оның нақты салмағына сараптама жасалып жатыр.
27 жастағы есірткі таратушы бұған дейін полиция қызметкерлерінің назарына іліккен, алайда жазадан қорықпай, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Сол күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткіге қарсы полицейлері облыс орталығында психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеудің тағы бір фактісін анықтады. Бұл жолы жедел уәкілдер “тәжірибелі” 42 жастағы азаматты ұстады. Ер адамды тінту кезінде полиция қызметкерлері ұнтақ заты бар 2 полиэтилен түйіншегін және психотроптық заттарды қолдануға арналған препаратты тапты.
Айғақтарға сәйкес, есірткіні жасырын салу координаттарын қала тұрғыны мобильді қосымша арқылы өз дилерінен білді. Бұл факт қазіргі уақытта тергеуде, сараптама қорытындысынан кейін тергеушілер іс жүргізу шешімін қабылдайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары