Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКөкшетауда 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталады. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тлеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.
Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.
Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті, - деді шағынаудан тұрғыны Сәкен Төкенов.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік