Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысында полицейлер шамамен 15 миллион теңгенің шегілмейтін темекі өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Көкшетау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады.
Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстады. Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарларды жоюға тырысқан студенттің әрекетінің алдын алды. Ұсталған 20 жастағы жас жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындады, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция бұл өнімдерді сату мен тарату әрекеттері 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкелетінін ескертті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары