22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКөкшетау қаласының тұрығндары да белсенді дауыс беруде. 18 жасқа енді толып, алғаш дауыс берген азаматтарға жейде (футболка) мен кепка берілді. Бұл туралы «Партия емес бақылаушы орталығының» РҚБ Көкшетау қалалық басшысы Ерлан Закирьянов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Көкшетау қаласы бойынша 57 участік жұмыс істеп тұр. Әр учаскеде қызмет көрсететін мамандар мен байқаушылар жұмыс ітеуде.
«Көкшетау қаласындағы 1, 2, 35 және 41 сайлау учаскелеріне барып жағдайды бақыладық. Қазіргі таңда әр учаскеде 2-3 байқаушы отыр. Сағат 07:00-ден бастап қала тұрғындары белсенді дауыс беруде. Әсіресе, жастар мен орта буын өкілдері. Халықтың көңіл күйін көтеру мақсатында патриоттық әндер қойылды», - деді Ерлан Закирьянов.
Сонымен қатар, Қалалық әкімшіліктің кәсіпкерлер бөлімінің ұйымдастыруымен №41 сайлау учаскесінде тұрғындар үшін арнайы жәрмеңке өтті. Онда түрлі бұйымдар мен қысқы тоқыма киімдер сатылғанын атап өтті.
Ақтөбе облысында да халық белсенді
Ақтөбе облысында 502 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Әр учаскеде 5-6 байқаушы бар. Қала тұрғындарының 54 %- ы дауыс берді.
«Ақтөбе қаласындағы №60 сайлау учаскесіне барып өз дауысымды бердім. Сондай-ақ, осы учаскенің бақылаушысы боламын. Бүгін тарихи маңызды күн. Қала тұрғындарының көңіл күйі өте жақсы. Учаскелерде патриоттық әндер орындалып тұр. Учаскеде 18-ге толып, алғаш дауыс беруге келген азаматтарға сыйлыққа құлақ қап берілді. Ерте келіп дауыс берген тұрғындарда да бос қайтпады. Оларғада арнайы сыйлықтар болды. Атап айтқанда, тұрмыстық маңызы бар ыдыстар мен техникалық заттар берілді», - деді №60 сайлау учаскесінің байқаушысы Нұржан Шаңғытбаев.
Сонымен қатар, №60 сайлау учаскесінде заң бұзышылық және дауыс беруші тарапынан ешқандай наразылық болмағанын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев