Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымы, патрульдік полиция және жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен бопсалаушылар тобының әрекеті тоқтатылды. Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады. 1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары