10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөкшетауда еліміздің саяси өміріне белсенді араласуға ынталы әйелдерге арналған үш күндік тренинг басталды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Тренинг ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ұйымдастырды.
Шеберлік сабақтары әйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағытталған.
Тренингте сайлауға қатысқан немесе болашақ сайлау науқандарына қатысуды жоспарлап жүрген әйелдер, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері дәріс алуда.
Бағдарламаға интерактивті сабақтар, шеберлік сыныптары және практикалық семинарлар кіреді. Қатысушылар өздерінің біліктілігін арттыруға және белсенді саяси қызметке атсалысуға мүмкіндік алады.
Ведомстводағылар бұл үрдіс әйелдердің билік органдарындағы өкілдігін нығайтуға және аймақ пен елдің дамуына белсенді араласуына ықпал етеді деп отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді