Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкшетауда Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, Көкшетау, Қосшы қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс диқаншылары 84,0 млн теңге сомасына 70 тонна өнім ұсынды. Тауарлар ассортиментінде қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен қажет нәрсенің бәрі бар - 30,8 тонна ет және шұжық өнімдері, 1,2 тонна жаңа балық, 93 мың дана жұмыртқа, шамамен 4,7 тонна сүт және сүт өнімдері, 8 тоннадан астам ұн, 16 тоннадан астам картоп, шамамен 2 тонна көкөніс және басқа да өнімдер.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге қатысып, халықпен әңгімелесіп, тауарларды және бағалар тексерді.
Мұндай жәрмеңкелер - ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін сата алатын, ал қала тұрғындары оны нарықтан 10-15 пайызға төмен сатып алатын өзара тиімді процесс. Мен өндірушілер мен тұрғындардың пікірлерін тыңдадым, болашақта қарастыратын ұсыныстар бар. Сатып алушылар арасында аға буын өкілдері көп екенін атап өтті, - деді әкім.
Сондай-ақ, өңір басшысы мұндай іс-шараларда еріктілер қозғалысы қатысуы тиіс екенін атап өтті.
Қорғалжын ауданының «Құралай МК» ЖШС өкілі Саят Секеров ет өнімдерін әкелді.
Айта кетейік, қазан айының соңында Ақмола облысының өндірушілері Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары