Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөкшетаулық Айгүл Әубәкірова інілері – 18 жастағы Нұрәлі мен 17 жастағы Нұржанға полицейлер шабуыл жасап, денсаулығына зақым келтіргені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Мемлекет басшысына үндеу жолдап, әділдік сұраған. Айтуынша, полиция қызметкерлері іссапардан қайтып келе жатқанда Көкшетауға барар жолда апатты жағдай туғызған.
Көлік тоқтағаннан кейін, күндіз форма киген "Арлан" қызметкерлер еш себепсіз оларды ұра бастаған, ал біреуін көлік салонына отырғызып алған. Інілерімді балағаттап, ұрып-соққаннан кейін орманға апарып тастаған, - деді ол.
Қазір ағайынды бауырлардың бас сүйегі мен денесіне түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 17 жастағы інісінің онкологиялық дерті болғандықтан шұғыл ота жасауға мәжбүр болған.
Жәбірленуші полицейлер арызын қабылдаудан бас тартқанын айтты. Екі полицейге қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалғанымен, шын мәнінде шабуыл жасағандар саны бесеу болған.
Көкшетаулық тұрғынның үндеуіне Ақмола облысының ПД өкілдері пікір білдірді.
Полиция қызметкерлері мен екі ағайынды арасындағы жанжалға қатысты ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Төрт қызметкер күдікті деп танылды. Сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Тергеу барысы ҚР ІІМ бақылауында, - делінген ПД ақпаратында.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары