7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
20 шілде сағат 18.52-де Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне медицина қызметкерлерінен «ЖБМЖ, МШ, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жаралары» диагнозымен соқтығысу салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың ауруханаға жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлікпен қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы.
Тексеру барысында Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмегені және соққының салдарынан нәрестені артқа қарай лақтырып жібергені анықталды.
Ата-аналар баланың алдында жүріп келген. Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Сараптама тағайындалды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?