Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.
Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.
Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын, – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.
Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары