22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚару-жарақ арсеналы жеке үйдің аумағында тұрған бұзылған көліктің жүксалғышына жасырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көкшетау қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару-жарақ қоймасын тапты.
Polisia.kz мәліметінше, 18 сәуір күні Ақмола ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ қоймасын тапқан.
Төрт бірлік қару, оның ішінде ИЖ-К 16 калибрлі мылтықтың тегіс ұңғылы бір ұңғылы кесіндісі, 16 калибрлі ТОЗ – БМ маркалы мылтықтың тегіс ұңғылы кесіндісі, ТТ тапаншасы және оқ-дәрісімен Удар – М2 аэрозольдік тапаншасы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүксалғышынан табылды, - делінген мәліметте.
Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Одан әрі тергеу және жедел іс-шараларды жүргізу кезінде полицейлер қаруды сақтауға қатысы бар 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар жедел уәкілдер бұл мылтықтар мен тапаншалардың Көкшетауда қалай пайда болғанын анықтап жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев