23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көкшетауда Біржан сал, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының, Көкшетау қаласының және «Kokshe» ӘКК ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге қатысты, халықпен әңгімелесіп, тауарларды және бағалар тексерді.
Облыс аграршыларының сөрелеріне 82,0 млн теңге сомасына 81 тонна өнім ұсынылды. Тауарлар ассортиментінде қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен қажет нәрсенің бәрі бар - 28 тонна ет және шұжық өнімдері, 0,5 тонна жаңа балық, 250 мың дана жұмыртқа, шамамен 6,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 8,5 тоннадан астам ұн, 12 тоннадан астам картоп, шамамен 3 тонна көкөніс және басқа да өнімдер. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен. Мысалы, сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа – 45-47 теңгеден сатылды. Ауыр сөмкелерді еріктілер көліктер мен аялдамаларға жеткізуге көмектесті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік