18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Облыс орталығында әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс тойын тойлаушыларды құттықтап, әр отбасы үшін лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Біз мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырудамыз. Бүгінгі шара – мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді Марат Ахметжанов.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында берілді. Бақытты қоныс тойын тойлаушылардың қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және қолдауды қажет ететін басқа да азаматтар бар.
Жаңа пәтерлер толықтай жайлы өмір сүруге дайын, қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген, заманауи стандарттарға сәйкес келеді және қолайлы аудандарда орналасқан.
Пәтер алған тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Көпшілігі үшін бұл оқиға өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен байланысты болды.
Бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен қолдау. Енді біз болашағымызды құра алатын өз жайлы үйіміз бар, – деп бөлісті қоныс тойын тойлаушылардың бірі.
Ақмола облысында халықтың барлық санаттарын қол жетімді және жайлы баспанамен қамтамасыз етіп тұрғын үй құрылысы саласындағы жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр