Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар“Көкшетау – Қызылорда” бағытындағы пойызда жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
14 қаңтарда Жамбыл облысының Сарышаған станциясына жақындағанда “Көкшетау – Қызылорда” бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астана қаласынан Шымкент қаласына дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды. Сол күні Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық сипаттағы өлім белгілері жоқ мәйіттің табылғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астана қаласы ауруханаларының бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны анықталды. Пойыз жолсеріктерінің келісімімен, күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген. Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартты. Қазіргі уақытта пойызда мәйітті тасымалдау фактісі бойынша материал Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?