Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Н.Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ – «Көкшетау әуежайы» филиалының жаңа директоры Ерлан Құсайыновты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Құсайынов Ерлан Қажығалиұлы, 2012 жылы «Фемида» заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2014 жылы «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ-да бастаған.
2014 жылдан 2019 жылға дейін – «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ – «Көкшетау әуежайы» филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды.
Кездесуде сондай-ақ әуе айлағын дамыту перспективалары және халықаралық рейстерді іске қосу және Қазақстан бойынша маршруттарды ұлғайту мүмкіндігі талқыланды, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, Көкшетау әуежайында Ақтау, Шымкент және Алматы қалаларына тұрақты авиарейстер орындалады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді