Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның көкпар құрамасы АҚШ-ты жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр, – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Манкеев.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?