Кофе бағасы бірден 20% қымбаттады

10 Шілде 2023, 11:13 810

2023 жылғы қаңтар-мамырда өңделген шай мен кофе өндірісі 8,7 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда бірден 35,2% артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл бұрын өндіріс, керісінше, 18,2% төмендеген болатын.

Өңірлік бөліністе шай мен кофе өндірісінің жартысынан көбі Алматыға тиесілі: 4,7 мың тонна, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,6% артық. Сонымен қатар бұл тізімде Шымкент (2,2 мың тонна) пен Алматы облысы (1,5 мың тонна) бар.

Бір жыл ішінде кофе 20%, ал шай 14% қымбаттады.

Оқи отырыңыз:

Өңірлік бөліністе кофе бағасының ең жоғары жылдық өсуі Түркістан облысында байқалды – бірден 40,5%, одан әрі Ақмола және Маңғыстау облыстары тұр – тиісінше жылына 38,5% және 36,1%.

Шай Қызылорда облысында (жылына 28,7%), Шымкент (27,2%) және Абай облысында (21,4%) айтарлықтай қымбаттады.

Ұнтақталған кофе бағасы бірден 20,1% қымбаттаған.

Дәнді кофе (ұнтақталған) бағасы 18,5%, жасыл шай 17,1%, қара байх шайы бір жылда 13,7% өсті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: