Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖергілікті өсімдіктерді пайдалана отырып, хош иісті сабын жасауды бүгінде қызылордалық студенттер меңгеріп алған. Жастардың қолынан шыққан өнімнің сапасы француз дүкендерінің сөрелеріндегі бағалы хош иісті заттардан кем түспейді. Көздің жауын алатын түрлі-түсті сабындар тұрмыстық қолданыста тұтынуға өте ыңғайлы, иісі жағымды, сыйлық ретінде ұсынуға да ерекше дүние екен.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «органикалық химия» бөлімінде білім алатын жастар сабын қайнату әдісімен бөліскен болатын.
– Сабынның жасалу әдісі өте қызық. Алдымен өңірімізде өсетін жусан, жиде, жалбыз сияқты өсімдіктерден эфир майларын қажетінше бөліп аламыз. Майларда сабындану реакциясы жүреді. Одан әрі алынған майлар су моншасында немесе микротолқынды пеште балқытылады. Айдау процесі бойынша карболитті бөлу немесе мұнайдың құрамындағы парафиндерді тотықтыру арқылы жоғары май қышқылдары алынады. Одан натрий тұздарын алып, сабынның негізін жасауға болады. Сондай-ақ, эфир майларын этил спиртімен экстракциялап алу тәсілі де бар. Қоспаларды араластыра отырып, спирт сүзіп алынады. Сүзілген спирт қайнаған кезде ауаға ұшып кетеді. Сол кезде қоспалардың ішінде тек эфир майы ғана қалады. Бұл әдістердің ішінде бізге айдау процесі тиімдірек. Алынған сабынның негізіне тағамдық бояғыш заттар тамшылатып қосылады. Сабынға түс беретін де – осы заттар. Яғни, глицеринмен бояғыш қоспаларды араластырған сәтте өзімізге қажетті түсті аламыз. Жасалып жатқан сабынға натрийдің лаурилсульфатын қоссақ, жақсы көпіршитін болады. Содан соң, қоспаны арнайы қалыптарға құйып, дайын сабындар шығарылады, - дейді 1-курс студенті Динара Серікбекқызы.
Жастардың сабын өндіруге деген қызығушылығын арттыруға химия мамандығы бойынша дәріс беретін ұстаздары ықпал еткен. Қазір әртүрлі пішінде зиянды қоспасы жоқ, табиғи сабын дайындауды қолға алған студенттер өз өнімдерін отандық бренд ретінде танытуды көздеп отыр.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі