28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы қаласында "қара риэлторлар" ісіне қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл қылмыстық топтың әрекеті қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот алдында 22 адам жауапқа тартылды, олардың қатарында психиатр-дәрігерлер, учаскелік полицейлер, риэлторлар, нотариус өкілдері мен сот-медициналық сарапшылар бар. Оларға психикалық ауытқуы бар және егде жастағы адамдарды ұрлап, азаптап, өлтіріп, олардың мүлкін заңсыз иемденді деген айып тағылды.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластары 17 және 16 жылға сотталды.
Қалған айыпталушыларға да сот үкімі жарияланды.
Айжан Жүсіпғалиеваны – 6 жылға, Майра Оразаеваны – 10 жылға, Ғазиз Ешмұратовты – 3 жылға бас бостандығынан айыру, сот-медициналық сарапшы Виталий Колесниковқа – 4 жыл жаза тағайындадсын, – деп үкім кесті Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Ерлан Болатов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?