6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОтандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтаған видеосын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы, мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын! – деп жазды продюсер.
Айдарбекова құда-құдағилармен де жолы болғанын айтты.
Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей, арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін, – деп жазды ол.
Естеріңізде болса, жұлдызды отбасы былтыр қазан айында кенже ұлы Заңғарды үйлендірген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі