23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада 25-30 қараша аралығында кәсіби шеберліктен XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің 20 өңірінен келген 840-тан астам қатысушы түрлі мамандық бойынша өз шеберлігін көрсетуде. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жаңа бағыттардың енгізілуі, конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарының қолданылуы және жүлдегерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігінің берілуі.
Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған чемпионаттың негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және білікті кадрлар даярлау сапасын жетілдіру. Чемпионаттың операторы – «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Биыл қатысушылардың кәсіби шеберлігін 1000-ға жуық сарапшы бағалайды. Сайыстар 44 құзыреттілік бойынша өткізіліп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары бағыттарын қамтиды.
Дрон басқарудан алғаш рет сайыс өтіп жатыр
Биыл республикалық чемпионат бағдарламасына ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелері (UAS) бағыты енгізілген. Аталған құзыреттілік бойынша еліміздің 16 өңірінен келген 16 қатысушы бақ сынап жатыр.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бағытының бас сарапшысы Аяжан Оспанованың айтуынша, бұл сайыстың ерекшелігі – бірнеше инженерлік саланы біріктіруінде.
Біздің бағытымыз электроника, мобильді робототехника және прототиптеу секілді үш құзыреттілікті біріктіреді. Сондықтан қатысушылар инженер ғана емес, дрон операторы да бола білуі керек. Бұл бағыт бойынша республикалық чемпионатқа биыл алғаш рет қатысып жатырмыз, – деді Аяжан Оспанова.
Сарапшы ұшқышсыз ұшу аппараттарының қолданылу аясы кең екенін атап өтті. Оның сөзінше, дрондарды геодезия, сәулет, ауыл шаруашылығы, құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру салаларында пайдалануға болады.
Кірпіш қалауға 21 сағат беріледі
Чемпионатта құрылыс саласына қызығушылық танытқан жастар да өз шеберлігін көрсетіп жатыр. Солардың бірі – Алматы облысындағы Үшқоңыр колледжінің екінші курс студенті Алмас Рахметов. Ол республикалық чемпионатқа алғаш рет қатысып отыр.
Алмастың негізгі мамандығы автослесарь болғанымен, құрылыс саласына қызығушылық танытып, кірпіш қалау бойынша сайысқа қатысуды жөн көрген.
Бізге екі модуль бойынша тапсырма берілді. Оларды орындауға жалпы 21 сағат беріледі. Осы уақыт ішінде кірпіштен қабырға қалап шығуымыз керек. Әзірге ешқандай қиындық жоқ, барлығы жақсы өтіп жатыр, – деді Алмас Рахметов.
Студент алдағы уақытта құрылыс мамандығына ауысып, осы салада еңбек етуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ол чемпионатта жеңіске жетуге үмітті екенін жеткізді.
Жүлдегерлерге жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі
Чемпионаттың тағы бір маңызды тұсы – жастардың болашақта жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалуы. Қазақстандағы «1С» өкілдігі осымен екінші жыл «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігіне демеушілік жасап келеді.
Қазақстандағы «1С» өкілдігі білім беру орталығының басшысы Ғалия Керейбаеваның айтуынша, өткен жылы аталған бағыт бойынша 17 өңірден қатысушылар келсе, биыл олардың саны 18-ге жеткен.
Былтыр өңірлік іріктеу кезеңдеріне 79 студент қатысты. Солардың 13-і бүгінде Қазақстанның ірі компанияларында жұмыс істеп жүр. Олардың арасында «Қарағанды Жылу», Allur секілді компанияларда бағдарламашы, ERP жүйелерін әзірлеуші болып еңбек етіп жүрген жастар бар. Біз чемпионаттың жүлдегерлерін ғана емес, өңірлік кезеңдерге қатысқан студенттерді де жұмысқа тартамыз, – деді Ғалия Керейбаева.
Биыл аталған бағыт бойынша 18 студент бақ сынап жатыр. Демеушілер қатысушыларға арнайы сыйлықтармен қатар, кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік беруді де көздеп отыр.
Биыл жүлдегерлерге жұмысқа орналасуға кепілдік беретін сертификаттар табысталады. Ал бірінші орын иегері өзінің сарапшысымен бірге 2027 жылдың сәуір айында өтетін «1С» бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиадаға демеушілік қолдаумен қатысады, – деді орталық басшысы.
Сонымен қатар биылғы чемпионаттың бірқатар конкурстық тапсырмасында жасанды интеллект құралдары қолданылады. Бұл қатысушыларға кәсіби шеберлігімен қатар, заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.
30 қарашаға дейін жалғасатын республикалық чемпионат жастардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және еңбек нарығында өз орнын табуына ықпал етпек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік