6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҮстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингілік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді. Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде (ITTF) ол Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғары орынға жайғасты.
Айта кетейік, Герасименко осымен 3-рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Кирилл Рио мен Токиода ел намысын қорғаған. Франция астанасында спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі