Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Кирилл Герасименко күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы ақтық сында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының он дүркін жүлдегері, тайпейлік Чуан Чи-Юаньмен кездескен болатын.
Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі тайпейлік спортшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, финалға дейін Герасименко төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотис (Грекия), командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) бар.
Қазақстан қоржынында тағы екі қола медаль бар. Айдос Кенжеғұлов/Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мірқадырова жұбы үздік үштіктер көрінді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес