Мәдениет

Киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптар жарияланды

05.01.2026 11:01
Мадина Асылбекова
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильм мәртебесіне үміткер киножобаларды іріктеу мақсатында жыл сайын конкурс өткізеді.

Осыған орай орталық 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу барысында басшылыққа алынатын басым тақырыптар тізімін жариялайды. Конкурсқа ұсынылатын киножобалар бекітілген басым тақырыптарға сәйкес болуы тиіс.

Оқи отырыңыз