Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Бүгін ОКҚ-де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар мәселелері бойынша Заңның нормаларын түсіндіру бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды El.kz.
Брифингке ҚР Парламенті депутаты Вера Ким, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Дара» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Айнұр Аймурзина қатысты.
«Заң аясында қайырымдылық, волонтерлік қызметті ынталандыру мен дамытуға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын мемлекеттік қолдауға бағытталған жаңа нормалар қабылданды. Негізгі жаңа нормалар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының өзгеруін көрсетеді», – дейді Мәжіліс депутаты Вера Ким.
Азаматтарды қайырымдылыққа және волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыру үшін Заң шеңберінде қайырымдылықты және волонтерлікті ынталандырудың қаржылық емес шаралары көзделген. Сондай-ақ Заңда үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын гранттық қаржыландырудың жүйесін саралау қарастырылған.
Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, жаңа форматты енгізу халықтың қажеттіліктеріне бағытталған өзекті бағыттар бойынша гранттар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс