Үкіметте «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылданды

8 Тамыз 2022, 18:19 1272

Mинистр Бағдат Мусин холдингті жабу туралы ұсынысын айтқан болатын

Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды El.kz

«ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин холдингті жабу туралы ұсынысын айтқан болатын.

Бөлісу: