Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіПремьер-Министр өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасында достық және сындарлы қатынас орнағанын атап өтті.
«Әлем мұсылмандары қажылық парызын өтеуді асыға күтеді. Биыл 4 мың отандасымыз да осындай мүмкіншілікке ие болды. Бұған Сауд Арабиясы басшылығының назары мен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді», — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне белсенді қатысқаны үшін Корольдік өкілдеріне алғысын білдірді.
«Елдер арасындағы ынтымақтастық кеңейіп, нығая түсетініне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа тұрақты әуе рейстерінің ашылуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосымша серпін беретінін айтты.
«Сапар аясында мен қазақстандық әріптестеріммен бірқатар табысты кездесулер өткіздім. Тікелей тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстаннан келетін туристер мен қажылыққа барушылар санының өсуіне ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік