13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҮкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі кеңесте Әлихан Смайылов мәселені реттеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
– Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, қант қоры 100 мың тоннадан асады, ал айына тұтыну – 59 мың тонна. Демек, қор жеткілікті. Бірақ, үй жанындағы дүкендерде қант 700-800 теңгеден сатылады. Бұл – сұранысты пайдаланып, үстеме ақы қойып отырған жеке тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік қызметінің «нәтижесі». Жалпы, қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге/кг болуы тиіс. Мұны ретке келтіру керек, - деп тапсырды Үкімет басшысы.
Салалық комитет мәліметінше, бөлшек сауда нысандарының рұқсат етілген үстемені 15%-дан асырмауын әкімдіктер бақылап отыр. Кейінгі апталарда рейдтік іс-шаралар үй жанындағы 42,6 мың дүкенге (84,7%) жүргізілген. Нәтижесінде 712 заң бұзушылық анықталды, олар бойынша қажетті шаралар қабылданды.
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев сауда үстемесін арттыру фактілерін анықтау және заңнамада көзделген шараларды қабылдау үшін монополияға қарсы органдар мен ЖАО-ға электрондық шот-фактуралардың деректерін жіберуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығын әзірлеуді ұсынды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды