6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада кейбір тұрғындарға Республика күніне орай 4,5 АЕК көлемінде біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл көмек әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға қарастырылған. Төлемдер 2023 жылдың қазанында Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Құжатқа сай, мерекелік төлем жылына бір рет және тек бір негіз бойынша – ең жоғары мөлшерде тағайындалады. Биыл 25 қазанға дейін өтініш берген тұрғындар 4,5 айлық есептік көрсеткіш (17 694 теңге) көлемінде төлем алады.
Төлем алушылардың тізімін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қалыптастырады.
Айта кетейік, 2025 жылы Республика күніне орай бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі