Кім қай санатқа жатады? Қазақстанда отбасылардың әл-ауқаты бес деңгей бойынша бағаланады

Кім қай санатқа жатады? Қазақстанда отбасылардың әл-ауқаты бес деңгей бойынша бағаланады

Көктем Қарқын
Фото: AI көмегімен жасалды

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік әл-ауқаты мен көмекке мұқтаждық деңгейі ескеріледі. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасыларды әлеуметтік жағдайына қарай жіктеу тәртібін түсіндірді.

Қазақстанда отбасының әл-ауқаты Цифрлық отбасы картасы арқылы бағаланады. Жүйе отбасыларды бес санатқа бөледі:

C, D және E санаттары қалай анықталады?

Отбасының санатын белгілеу кезінде тек айлық табысы ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын бірнеше көрсеткіш ескеріледі. Олардың қатарында отбасының қаржылық жағдайы, жылжымайтын мүлкі мен басқа активтері, тұрғын үй жағдайы, жұмыспен қамтылуы, несиелері және өзге де мәліметтер бар.

Мәселен, отбасының несиесі болуы оның автоматты түрде әлеуметтік осал санатқа жатқызылатынын білдірмейді. Бағалау кезінде қарыз көлемі мен төлем мерзімінің өтіп кетуі сияқты жағдайлар да есепке алынады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік әл-ауқат санаттары жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындау кезінде ескеріледі. Бұл тәсіл мемлекеттік қолдауды нақты көмекке мұқтаж отбасыларға бағыттауға мүмкіндік беруге тиіс.

Дегенмен белгілі бір санатқа жатқызылу барлық жәрдемақыға автоматты түрде құқық береді немесе қолданыстағы төлемдерден айырады дегенді білдірмейді. Әр төлемнің өз талаптары мен тағайындау тәртібі бар.

Отбасының санатын өзгертуге болады

Цифрлық отбасы картасындағы бағалау ай сайын жүргізіледі. Егер отбасының табысы, құрамы, мүлкі немесе басқа да маңызды жағдайлары өзгерсе, оның әл-ауқат деңгейі қайта бағалануы мүмкін.

Осылайша, отбасыларды санаттарға бөлу жүйесі азаматтардың әлеуметтік жағдайын кешенді бағалауға арналған. Ал 2027 жылдан бастап бұл мәліметтер жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде ескерілетін болады.

Оқи отырыңыз

{