Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 1 наурыз - Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні қарсаңында Альпинизм федерациясының қолдауымен альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері Мақсат Жұмаев бастаған спортшылар командасы 26 ақпанда «Килиманджаро» шыңына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көтерілу оңай болған жоқ, қиындықтар көтерілу жылдамдығына әсер етті, бірақ бірге Қазақстан халқының бірлігін, достығын, мызғымас ерік-жігерін бейнелейтін әртүрлі этностардың өкілдері кірген қазақстандық команда, Килиманджаро шыңына жете алды.
Шыңында, қатты жел мен оттегінің жетіспеушілігіне қарамастан, біздің атақты альпинистер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Ассамблеяның туын көтере алды.
Килиманджаро әлемдегі ең биік жеті шыңның бірі, Африкадағы ең биік тау, сонымен қатар әлемдегі жеке тұрған ең биік тау болып табылады. Шыңның ең биік нүктесі Ухурудың биіктігі теңіз деңгейінен 5895 метр құрайды.
Мақсұт Жұмаев - биіктігі сегіз мың метр болатын барлық 14 шыңды бағындырған альпинист. Ол шыңдарға қосымша оттегін пайдаланбай көтеріле алған әлемдегі 12-ші альпинист.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары