6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың негізгі мақсаты – киіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарының тапталуын болдырмауға бағытталған шараларға өңірлік құрылымдардың дайындығын тексеру және жергілікті бөлімшелердің жұмысын бағалау.
Киіктердің көші-қон жолдарында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлерінің иелеріне қолдау көрсету мақсатында арнайы іс-шаралар алгоритмі әзірленіп, бекітілген.
Сапар барысында Тасқала, Қазталов және Ақжайық аудандарындағы штабтарда болып, аудандық әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесулер өткізілді.
Кездесулер қорытындысы бойынша киіктерденкелетін залалды азайту мақсатында аудандық штабтар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі