Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесіп, балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған «Кибер тұмар» ауқымды науқанын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастаманың мақсаты − балаларға интернетті қауіпсіз пайдалануды және ықтимал тәуекелдерді басқаруды үйрету.
«Кибер тұмар» түрлі қауіп-қатерлер кезінде әрекет етудің базалық алгоритмдері бар әлеуметтік плакаттарды, сарапшылардың практикалық кеңестері бар материалдарды, білім беру роликтерін және тағы басқа қамтитын ақпараттық құралдар кешені.
Науқан кибербуллинг, балалардың интернетте сексуалды сипаттағы қудалануы, балаларға арналған жағымсыз және тыйым салынған контент, балалар қауіпсіздігі мен құпиялылығының цифрлық тәуекелдері, балалар интернет-тәуелділігі және т.б. сияқты онлайн қауіп-қатерлерге шоғырланады.
Интернет − тек ақпараттың ғана емес, коммуникацияның да құралы. Сондықтан кішкентай кезінен бастап адамға осы құралдардың мүмкіндіктерін барынша тиімді және мейлінше аз нұқсан келтіре отырып пайдалануға үйрету керек. «Кибер тұмар» ақпараттық-білім беру науқанын өткізу − балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыру жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды және заманауи шара, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, бұған дейін Комитет «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлы өмірі» тақырыбында балалардың ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын пайдалануға арналған ауқымды науқан өткізген болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары