30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚаладан ауылға үдере көшкен көш соңы әлі де тоқтамады. Алматы қаласында өткен "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумында бұл мәселені айналып өтпеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, келелі кеңеске қатысушылардың назарын қоғамның өзекті проблемасына аударды.
«Ауылдан қалаға көшу, ауылды көтеру, әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығына мән артуларыңызды сұраймын. Қоғамдық келісім кеңестері осы мәселелерді жүйелі түрде күн тәртіптеріне енгізулері керек. Жастар, көпбалалы отбасылары, жалпы еңбекке қабілетті тұрғындардың әрине, қалаға жақсы тұрмысты аңсап көшетіні анық. Алайда, олардың барлығының бірдей мұнда тұрмысының түзеліп кетпейтінін мойындауымыз керек. Нәтижесінде, қалада әлеуметік мәселелер жүгі ауырлап, ал ауылда керісінше, жұмысшы күші азайып барады», - деген Жансейіт Қансейітұлы қоғамның және бір ащы щындығын жайып салды. Жансейіт Түймебаев жастардың, әсіресе ауыл тұрғындарының радикалды идеология мен саяси экстремистердің тұзағына тез түсетінін айтты. Сондай-ақ, заңсыз митингілерге шығып, көлеңкелі экономиканың ықпалына түсетіндер де, ең сорақысы, қылмыс әлеміне адасып кіретіндер де осы сауатсыздық пен шарасыздық құрбандары.
«Сондықтан да біздің бірінші мақсатты түрде айналысатын міндетіміз – ауыл тұрмысын жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру болмақ», - деді Ж.Түймебаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды