2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді. Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады, деп хабарлайды El.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тупиктер мен сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды, сондай-ақ жақын арада вагондардың келіп түсуі күтілуде.
Министрлік ел азаматтарын дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жергілікті атқарушы органдармен, ҚТЖ және көмір разрездерімен жиналыстар өткізіп отыр.
Қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспар толықтай жүзеге асады, дейді мамандар.
Сондай-ақ, өңірлерге әлеуметтік көмір жеткізетін вагон паркі қосымша толықтырылуда.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс