13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанның халықаралық олимпиадалардағы жеңістері өз жалғасын тауып жатыр. Оқушыларымыз лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет бірден 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұған дейін команданың ең үздік нәтижесі 1 қола медаль болған болса, осы жолы Аида Дәулетова мен Дарья Пересыпкина өткен жылдардың рекордтарын жаңартты.
– Құрметті Аида, Дарья! Сіздер әлемдегі дарынды оқушыларға арналған ең күрделі зияткерлік олимпиадалардың бірінде жоғары марапаттарға ие болдыңыздер. Былтыр ел қоржынына қола жүлде әкелген Дарьямен кездесіп, құттықтағанымыз есімде. Бойларыңыздағы эрудиция, ақыл-парасат, табандылық және қажырлы еңбектеріңіз жаңа жеңістерге жетелей берсін! Ұстаздарыңызға кәсіби шеберліктері және ата-аналарыңызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын, – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
Мэн аралында өткен зияткерлік сайысқа әлемнің 36 елінен 200 оқушы қатысқан.
Бірінші бөлімде оқушылар убых, чам, нцъу, арабана, алабама тілінде бес тапсырма орындады.
Екінші бөлім маньчжур тіліне арналды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды