Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Ақтөбе қаласында қызметтік іссапармен болып қайтқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Аббозұлы Пулатов облыстық ҚХА-да болып, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Төраға орынбасарының өңірге келудегі негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыруға ат салысу, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Qorgau» жобасы бойынша түрлі форумдар мен семинар-тренингтер, адам құқығын қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізу.
Ш. Аббозұлы облыстық ҚХА ғимаратында «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесіп, облыстық Ассамблея ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің қызметтік кабинеттерін аралап, этнос өкілдерінің ұлттық бұйымдары сақталған мұражай жұмысымен танысты, мерекелік шаралар өтетін үлкен залдар мен маңызды басқосулар ұйымдастырылатын мәжіліс залын аралап көрді.
Одан кейін кездесу дөңгелек үстел басында жалғасты. Мекеме қызметкерлерімен танысқан ҚХА төрағасының орынбасары «Қазақтану» ғылыми – ағартушылық жобасы төңірегінде сөз қозғап, Президент Жолдауында айтылған қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіл ретіндегі рөлін арттыруға айрықша тоқталды.
Өз кезегінде ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы С. Вишняк пен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б. Снабаева Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен таныстыру бағытында жұмыс жоспарлары мен атқарылған шаралар жайында баяндады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды