2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің «ТКШ және табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру» тақырыбында отырысы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 7 қарашасында ҚР Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Елбасы өз сөзінде ТКШ қызметтері бойынша шығындар, соның ішінде жылу, электр энергиясы үшін ақы төлеу халықтың жалпы шығыстарында айтарлықтай үлес алатынын атап өтті.
Тарифтер жоғары болған сайын отбасылық бюджетке түсетін жүктеме соғұрлым көп. Тарифтердің өсуі нақты экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылмауы тиіс. Осыған байланысты, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі ПИК-пен өзара іс-қимыл жасау және коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу жағдайына мониторинг жүргізу арқылы коммуналдық қызметтер саласында қоғамдық бақылауды күшейту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ, отырыста этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу мәселесі қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңымен этномәдени бірлестіктерді, олардың филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін қоғамдық тіркеудің тәртібі белгіленген. Аккредиттеу мұндай бірлестіктер институтын жетілдіруге, қоғамдық бірлестіктерді олардың мақсаттары мен міндеттеріне қарай жүйелендіруге, сондай-ақ, оларды Ассамблеяның белсенді жұмысына кеңінен тартуға бағытталған.
Қоғамдық аккредиттеудің нәтижесі этномәдени бірлестікті, олардың филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің тізіліміне енгізу болып табылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова