7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Республикаға танымал өлкетанушы, тарихшы, педагог, археолог, зерттеуші және қоғам қайраткері Афанасьев Вячеслав Константиновичке «Атырау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Ең бастысы, В.Афанасьев Атырау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Былина» этномәдени бірлестігінің көпжылғы мүшесі.
Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» және этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ, Мұнай және газ университетінің әкімшілігі Достық үйінде танымал өлкетанушы, профессор, тарихшы, педагог, археолог, зерттеуші және қоғам қайраткері Вячеслав Афанасьевті «Атырау қаласының құрметті азаматы» атағын алу марапатымен құттықтады.
Салтанатты шараға келген қонақтар мен жанына жақын адамдар Вячеслав Константиновичтің ескі Гурьев, қазіргі Атырау қаласына сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтіп, өлкетанушының өз жұмысына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын ерекше сезімде жеткізді.
Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының атынан марапат иесіне құттықтау хат табысталды.
Өлкетанушының мұрағаттық ізденістеріне көмектесіп атсалысуда, іздестіру жұмыстарымен байланыс орнатуда көп еңбек еткен «Былина» этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев: «Вячеслав Константинович жарты ғасыр бойы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған үлкен ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Көп жылдық кәсіби қызметінің барысында Атырау облысының ежелгі тарихын зерттеуге көп күш жұмсады», – деп атап өтті.
Студенттер мен волонтерлермен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарында шайқас кезінде қаза тапқан және хабарсыз кеткен, сондай-ақ Гурьев қаласының эвакуациялық госпитальдарында жарақаттан қайтыс болған азаматтардың есімдерін қалпына келтіріп, мәңгі есте қалдырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғана емес, Азамат соғысында да қаза тапқандардың құрметіне де ескерткіш орнатуға бастамашылық етті», - деп, Вячеслав Константиновичтің еңбек жолына қысқаша тоқталып өтті.
Сондай-ақ, Атырау Мұнай және газ университетінің әкімшілігі атынан келген ректор кеңесшісі, профессор Динаш Диарова да қуаныш иесін университет қабырғасында Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлестерге арналған «Жауынгерлік Даңқ» мұражайын, сонымен қатар «Ескі Гурьев» мұражайы мен тарихи-өлкетану мұражайын құрып, оның қорына 500-ден астам экспонаттар, құжаттар мен жарияланымдарды жинақтағанын тілге тиек етті.
Бүгінде зейнеткерлік жасына қарамастан, Вячеслав Константинович өңірлік тарихты зерделеуде, мәдени-тарихи ескерткіштер мен объектілерді қалпына келтіру мен сақтауда өзінің сүйікті жұмысын жалғастырып келеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?