Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхананың кітап қорын сақтау және толықтыру мақсатында Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (ҚХА), Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры Мендіғаным Шаймерденованың жеке кітап қорын, кітапхана қорына табыс ету іс-шарасы өтті.
Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға М. Шаймерденова Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған кітаптар мен дискілер; тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан, Қазақстан Республикасының танымал тұлғалардың, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған кітаптар, сондай-ақ 18 томдық «Сөздік» энциклопедиясын сыйға тартты. Акция аясында ұзын саны 50 дана кітап сыйға тартылды.
Акцияны ұйымдастырушылар профессор Меңдіғаным Джамалбекқызына кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін шексіз алғысын білдірді. Кітаптардың маңыздылығы сол, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына арналған көмекші құрал болып табылады.
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер